Ыстық тамақ анықтама
Мектепте білім алушылардың жекелеген санаттары үшін преспективалық мәзірдің бір мәрте тамақтану нормаларына сәйкес болуына, тамақтың сапасын бақылауға, ас блоктарында сақтау мерзімі өткен азық-түліктірдің, бүлінген тамақ өнімдерін қадағалау мақсатында және асқананың санитарлық-эпидемиологиялық тазалығын тексеруге арналған комиссия құрылды. Комиссия мүшелері: Мектеп директоры- Г.М.Алигожаева , Әлеуметтік педагог- Д.Шымыр және ДТІЖО- Баятова Ж.Н. Күнделікті І және ІІ ауысымдағы ыстық тамақ ішетін оқушыларды қадағаланып, берілген тамақты мәзір бойынша сәйкес болуы қадағалап отырдық. Мектеп асханасының мәзірі төрт аптаға құрылған, тамақ құрамында балаларға қажетті витаминдер жеткілікті атап атап айтсақ: бал, сүт, алма, ет, шырын, көкеніс салаты бар. Асхананың іші таза, санитарлық –гигиеналық талапқа сай, барлық пештер мен тоңазытқыштары жұмыс істеп тұр.