11
October
2024
Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда!
Оқушының дұрыс тамақтануы – оның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Дұрыс әрі жақсы тамақтанатын оқушылардың денсаулығы мықты әрі сабақ үлгерімі де жоғары болатыны анық. Осы орайда жаңа оқу жылының басталуына орай ауданымыздың «№44 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну мақсатында мектеп асханасы ашылды.
Жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны әзірге 564 баланы құрап отыр.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 3 түрлі уақытта ұйымдастырылды.
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақтылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінен құрылған комиссия бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті асты болдырмау мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тыйым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) әркез бақылауда.